Экономика • Бүгін, 16:25

Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығын тұрақтандыру үшін бірлескен шаралар қабылдайды

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығын тұрақтандыру үшін бірлескен шаралар қабылдайды

Фото: primeminister.kz

Кейінгі бірнеше аптада валюта нарығы ауытқып, ұлттық валюта бағамы әлсіреп тұр. Осы жағдайға байланысты бизнес өкілдері тарапынан туындаған толқыныстарды басу үшін Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен шара қабылдап жатыр. 

Нұрлан Байбазаров теңгенің әлсіреуіне кейінгі айларда жаһандық доллар индексінің күшеюі, мұнайдың әлемдік бағасының біршама төмендеуі мен Ресей рублінің төмендеуі әсер еткенін атап өтті. 

«Мұндай жағдайда Үкіметтің басты міндеті – азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайының нашарлауына жол бермеу, олардың әл-ауқатын қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлерге келетін теріс әсерді азайту. Экономика мен халық үшін ықтимал теріс салдарды тұрақтандыру және барынша азайту үшін барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Үкіметтің бұл үшін жеткілікті ресурстары мен құралдары бар», деді Н. Байбазаров.