Фото: kz.kursiv.media
Министрдің сөзінше, сирек кездесетін металдар саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасуда.
Жерде сирек кездесетін металдарды барлау ісін Cove Capital және HMS Bergbau сияқты жеке компаниялар жүргізеді.
«Бүгінгі таңда жерде сирек кездесетін металдар қоры шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесінің болашағы туралы деректер бар», деді Қанат Шарлапаев.
Қазақстанда барланған алтын қоры оны өндіру көлемінен асатыны да белгілі болды. Кейінгі 30 жылда республикамызда темір, марганец, алтын, уран, мұнай және газ қорларының көбеюі байқалған.
«Алтынның орнын толтыру коэффициенті – 1,2. Бұл алтынның барланған қорының көлемі алтын өндірудің көлемінен көп екенін көрсетеді. Мыс бойынша коэффициент – 0,7. Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушыларымен мыс бойынша перспективалы жер қойнауы учаскелері белсенді түрде барланып жатыр», деді Қанат Шарлапаев.