Фото: Ведомство. Телеграм
Нидерландының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нико Схермерс су тасқынын болжау және алдын алу мәселесінде Қазақстан мен Нидерландының ынтымақтастығына жеке тоқталды.
«Нидерланд сарапшыларының айтуынша, министрлік биыл үлкен жұмыс атқарды. Көптеген есептеулерді қолмен жасау керек болса да, нәтижелері өте дәл келді. Менің ойымша, біздің елдеріміз бірлесіп шешуі керек басты мәселе – үлкен аумақтарда есептеулер жүргізу. Климаттың өзгеруіне байланысты біз жаңа сын-қатерлерге тап болдық. Осы міндеттерді шешу үшін Нидерланды тарапы министрлікпен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Сала министрлігі өте үлкен жұмыс істеп жатыр деп санаймын. Қазақстанда көптеген донорлық ұйымдар жұмыс істейді. Сол себепті Үйлестіру кеңесін құру министрліктің халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру мен үйлестіруді байыпты қабылдағанын көрсетеді. Бұл өте маңызды», деді Нико Схермерс.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Дельфт су білім беру институты (IHE Delft) арасындағы меморандум шеңберінде Нидерланды сарапшылары Астанада су тасқыны тәуекелдерін басқару бойынша екі мәрте семинар өткізді.
Еске салайық, Қазақстанның су секторын дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің құрамына БҰҰ, халықаралық ұйымдардың және қаржы институттарының өкілдері, сондай-ақ шетелдік даму агенттіктерінің, дипломатиялық корпус пен бизнес өкілдері кіреді.