Марапаттау рәсімі Аркоредегі беделді Борромео вилласында өтті. Әйгерім финалистер арасында үздік деп танылып, Аркоре муниципалитетінің стипендиясын, сондай-ақ 2025 жылы Италияда өтетін ауқымды концертке қатысу құқын жеңіп алды.
Өнерпаз Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында да үшінші орынды иеленді. Отандасымыз Италияның әйгілі опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығына ие болып, Болгарияның Варна қаласындағы театрда «Сестра Анджелика» операсындағы рөлді орындау құқына ие болды. Осылайша, өнер иесі әлемдік сахналардағы жетістіктерімен тыңдарманын қуантып жүр.
Әйгерім Алтынбек Қазақ ұлттық өнер университетін «Вокал өнері» мамандығы бойынша доцент Татьяна Николаевна Руднева сыныбын тәмамдаған. Опера әншісі бірнеше рет халықаралық (Италия, Финляндия, Литва, Ресей, Германия, т.б.) және республикалық байқаулардың лауреаты атанған.