Қоғам • 06 Желтоқсан, 2024

Қостанайда қоқыс шығару тарифі өзгереді

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қалалық мәслихаты депутаттарының басым бөлігі қоқыс шығару тарифін көтеру туралы шешімді қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда қоқыс шығару тарифі өзгереді

Фото: Qyzyljarnews.kz.

Қостанай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының отырысында шешім қабылданды. Айта кетерлігі, мәселе бірнеше рет талқылауға шығарылды.

«Қостанайда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін көтеруді талқылау басты мәселелердің бірі болды. Тәуелсіз сараптама ұйымы халық үшін тарифті есептеу әдістемесін (экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 14.09.2021 жылғы Бұйрығы) ұстана отырып, 2019 жылы есептелген және 2022 жылы бекітілген қолданыстағы тарифтің ағымдағы экономикалық жағдайларға сәйкес келмейтіндігін арттыру қажеттігін негіздеді», деп хабарлады Қостанай әкімдігі ресми хабарламада.

Мамандардың айтуынша, мамандандырылған техниканың қосалқы бөлшектерінің қымбаттауына, білікті кадрлардың жетіспеушілігіне, салық шегерімдері мен эмиссиялық төлемдердің өсуіне байланысты тарифті қайта қарауға тура келді. Жоғарылатылған тарифтен түсетін қаражаттың басым бөлігі жұмысшылардың жалақысын көтеруге және осы саланың материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталатыны атап өтілді. Тарифтің көтерілуі 53,28 пайызды құрап, депутаттардың көпшілігінің қолдауымен бекітілді.

Әкімдік келесі жылы контейнерлік алаңшаларды, оның ішінде кіреберіс жолдарды асфальттау, экологиялық заңнамаға сәйкестендіру мақсатында кезең-кезеңімен абаттандыру жұмыстары жоспарланып отырғанына сендірді. Бұл ретте контейнерлік алаңшалар үшін жер телімдерін ресімдеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30