Фото: mail.ru
Жаңа функция жүргізуші куәлігін ресімдеу, ұзарту, қалпына келтіру үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді. 073/е нысанындағы медициналық анықтама – барлық жүргізушіге міндетті құжат. Ол көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін растайды. Бұрын азаматтар бұл анықтаманы төрт маманнан медициналық тексерістен өтіп барып қана қағаз алатын. Енді пайдаланушылар медициналық тексерістен өткеннен кейін анықтаманы электрондық форматта алады. Ал цифрлық құжат автоматты түрде бірыңғай деректер қорында сақталады.
Қызметті пайдалану үшін «eGov.kz» порталынА тіркеліп, «Денсаулық», «Медициналық көмек» бөліміне өту қажет. «№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдап, өтінішке қол қою қажет. Анықтама оны алған сәттен бастап бір жыл бойы жарамды..