Тағайындау • 09 Желтоқсан, 2024

ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды

1 мин
оқу үшін

Қалижан Жеңісбекұлы Ішкі істер министрлігінің Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ Алматы академиясына жаңа басшы тағайындалды

Фото: Polisia.kz

Министрлік мәліметінше, оқу орнының жаңа басшысын жеке құрамға ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков таныстырды. 

Қобландин Қалижан Жеңісбекұлы 1980 жылы 19 тамызда Қызылорда облысында дүниеге келген. 

2001 жылы М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша, 2006 жылы Ресей Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясын мемлекеттік және муниципалдық басқару менеджері мамандығы бойынша тәмамдаған.

Қалижан Қобландиннің түрлі басшылық лауазымдарда тәжірибесі бар. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін ол көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

 

Соңғы жаңалықтар

Сіз білесіз бе?..

Әдебиет • Бүгін, 09:56

Шәмілге арналған шумақтар

Әдебиет • Бүгін, 09:47

Жыр жанарындағы мөлдір тамшы

Әдебиет • Бүгін, 09:42

Түлектердің туған жерге тартуы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:40

Кіші Аралдың ауқымы ұлғайды ма?

Экология • Бүгін, 09:35

Бибісара көш бастап тұр

Шахмат • Бүгін, 09:31

Ақтоғай жарыққа жарымай отыр

Мәселе • Бүгін, 09:27

Арулар сайысы

Байқау • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:13