Фото: Kazakh Tourism PR
Елші Қазақстандағы Маңғыстау, Алматы облысындағы көлдер (оның ішінде Көлсай, Қайыңды, үлкен Алматы көлі) және Шығыс Қазақстандағы Алтай тауларын өзінің ең сүйікті туристік бағыттары деп атады. Дипломат үшін Шығыс Қазақстанға саяхаты ең жарқын әрі есте қаларлық сапарлардың бірі болған.
«Шығыс Қазақстанға - сапар тауларға жасаған ең жақсы саяхаттардың бірі. Табиғатпен нағыз байланыс тәжірибесі – өте сирек кездесетін нәрсе. Шынайы тыныштық пен қараңғылық тәжірибесі. Италиядан табу өте қиын. Мен балаларымды каньонға алып бардым. Біз жаңа қонақүйде түнедік, кейін бірнеше сағат бойы далада болып, аспанды тамашаладық. Каньон ортасында жұлдызды аспанды көру - ерекше тәжірибе», деді Марко Альберти.