Фото: @sportqazaq
Бұған дейін 3 боксшының алтыннан алқа таққанын жазғанбыз. Қоржынға төртінші, бесінші алтын медальдар да түсті.
Гүлсая Ержан финалда украиналық Карине Айрапетянды 5:0 есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына төртінші «алтынды» салды.
Елдана Тәліпова финалдық жекпе-жекте өзбек боксшысы Олтиной Сотимбоеваны ұтып, ел қоржынын бесінші «алтынмен» толтырды.
Осылайша финалда жұдырықтасқан 5 бұрымдымыздың барлығы алтын жүлде еншіледі.
Таиландтың Чиангмай қаласында өткен бокс додасында жалпы есеп бойынша бұрымдыларымыз бірінші орын алды.
Алтыннан алқа таққандар:
60 кг. Виктория Графеева
63 кг. Аида Әбікеева
70 кг. Наталья Богданова
81 кг. Гүлсая Ержан
81+ кг. Елдана Тәліпова
Қола жүлдеге қол жеткізгендер:
48 кг. Әйгерім Сәттібаева
52 кг. Жазира Орақбаева
57 кг. Ұлжан Сәрсенбек
66 кг. Милана Сафронова
75 кг. Диана Мағауияева