Сурет: qazaly.kz
Биыл қараша айында жылжымайтын мүлік нарығы оң динамикасымен ерекшеленді. Жайлы тұрғын үйлердің қайта сатылымы айлық 0,4 пайыз өсім көрсеткен. Сатылым былтырмен салыстырғанда 3,2 пайызға көбейген. Орташа баға – шаршы метріне 511,7 мың теңге (қазанда – 509,4 мың теңге).
Жаңа үйлердің сатылымы да айлық 0,4 пайызға өскен. Жылдық 3,4 пайызға өскен. Орташа бағасы – шаршы метріне 499,2 мың теңге (қазанда – 4,5 мың теңге).
Жайлы тұрғын үйлерді жалға беру ақысы айлық 0,4 пайызға өскен. Жылдық 6,0 пайызға артқан. Орташа бағасы – шаршы метріне 4,5 мың теңге (қазанда – 4,5 мың теңге).
Арендалық тұрғын үй бағасы орташа алғанда сегізінші ай қатарынан қымбаттады, бірақ айлық өсім динамикасы баяулаған.
Тұрғын үй жылжымайтын мүлік нарығындағы жинақталған баға өсімін 2022 жылдың қаңтары мен 2024 жылдың қарашасы аралығындағы тұтынушылық инфляциямен салыстырсақ, бастапқы тұрғын үй – 20,6 пайызға, қайталама тұрғын үй – 17,9 пайызға, жалға берілетін тұрғын үй – 48,4 пайызға, тұтынушылық инфляция 42,4 пайызға өскен.
«Арендалық тұрғын үй орташа бағасының жинақталған өсімі 2022 жылдың қаңтарынан бергі жинақталған инфляцияны қуып жетті. Бұл – ақылы қызметтердің қымбаттауының әсері. Қазір бастапқы және қайталама нарықтағы баға инфляциядан айтарлықтай қалып келе жатыр», делінген бюро мәлімдемесінде.
«Қазақстандағы жаңа және қайталама тұрғын үй бағасы сұранысқа айтарлықтай тәуелді екенін тағы да еске салғым келеді, оны мемлекет мемлекеттік ипотекалық бағдарламалар («Отбасы банк», «Ұлттық банк», БЖЗҚ) арқылы ынталандырады. 2021 жылы біз БЖЗҚ әсерінің әжептәуір болғанын байқадық. Соның салдарынан соңғы жылдары шектеу шаралары енгізіле бастады», дейді «Tengenomika» сарапшылары.
Телеграмдағы «Комментарий» каналының жазуынша, тұрғын үй нарығы біртіндеп импульс алып келе жатыр (БЖЗҚ-дан аударым көлемінің артқанын ескерсек). «Бұл қайталама нарыққа пайдалы. Ипотекаға қатысты мәмілелердің цифрларын күту керек. Дегенмен жылжымайтын мүлік құны 2023 жылдан бері құлдырауда» дейді авторлар.
«ArtFinanz» арнасының пайымдауынша, сұраныстың өзгеруі нарықта бірқатар салдарды туғызады.
«Krisha» сайтына қарайтын болсақ, Алматыда – 37 мың пәтер, Астанада 35 мың пәтер сатылып жатыр. Халық санының аз екеніне қарамастан Астанада сатылып жатқан пәтер көлемі Алматымен теңесе жаздап тұр. Қателесуім де мүмкін, бірақ көктемге таман сатып алу-сату бойынша мәміле көп болатын секілді. Платформада кейбір үйлер мен пәтерлердің бағасы жыл бойы өзгеріссіз тұр. Тіпті кейбірінің бағасы төмендетілген. Инфляцияны есепке алатын болсақ, тұрғын үй арзандап жатыр деуге болады. Менің браузерімде жылдар бойы сақталып тұрған ондаған нысанның хабарламасы бар папка құрылған. Жинақталған инфляция 20 пайыздан асып кетті, ал олар болса әлі ескі бағамен тұр. Оның себептері әр алуан. Біріншіден, халықтың нақты табысы тым баяу өсіп жатыр. Екіншіден, ипотека арнасы тарылып кетті. Бұл бір жағынан дұрыс та, өйткені қазір жеңілдетілген ипотекаларды іске қосса, онда баспана бағасы шарықтап кетеді, сөйтіп, ол өз кезегінде инфляцияны да арттырады. Үшіншіден, қазір жылжымайтын мүлік бағасы жоғарылатып қойылған. БЖЗҚ-дан ақша аудару іске асырылғаннан кейін бірқатар өңір мен сегментте баға екі есе өсіп кетті. Ал құрылысшылар тарапынан шығындардың ашықтығын біз сол күйі көре алмадық. Төртіншіден, бағаның басты қозғалтқышы саналатын мемлекет қазір тұрғын үй емес, инфрақұрылымдық жобаларға басымдық беріп отыр. Бұл қисынға келеді, өйткені адамдарда жұмыс пен ақша болса, онда баспанаға деген сұраныс та өздігінен артады», дейді сарапшы.