04 Ақпан, 2015

52 «танк» 

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC05415 «Үш жылдан бері осы «танкі­лерді» жинаудамын. Жалпы, әскери техникаға құмар­лығым бала күнімнен бастау алды. Арманым – танк тізгінін ұстау еді. Сондықтан «Русские танки» атты журналға жазылып оқудамын. Екі аптада бір рет Талдықорғанға үйіме келетін сол журналмен бірге түрлі танкілердің макеті де қолыма тиеді» дейді коллекционер – өңірлік «Білім шапағаты», «Жәрдем» газеттерінің бас редакторы Нұрым Нұрлыбеков. «Т-34» маркалы «Жеңіс» танкісі, 1-ші Украина майданына қатысып 1945 жылы Берлинге дейін жеткен «ИС-2», әйгілі «Катюша», бірінші газбен жүретін «Т-80» барлығы 52 дана бұл «танкілер бүгінде Талдықорғанда сақталып тұр. Көрген жанның көзі тойып, көңілі серпіледі. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». ТАЛДЫҚОРҒАН.