фото: Shutterstock
Бұл туралы Мәжілісте Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасын талқылау барысында белгілі болды.
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Түркістан қаласы рухани астана болып танылған соң, алкогольге тыйым салуға бола ма деп сұрады.
«Осы Заң аясында, егер біз Түркістанда алкоголь ішуге, оны сатуға, мас күйінде көшеде жүруге тыйым салсақ... Өйткені, Түркістан-рухани астана, барлық қазақтар мұнда руханиятты тартуы керек. Біздің ата-бабаларымыз, әулиелеріміз, билер осында жатыр. Ертең мұнда шетелден көптеген қонақтар келеді, егер біздің адамдар оларды мас күйінде қарсы алса, бұл ұят болады. Сондықтан, осы Заң аясында Түркістанды алкогольсіз қала деп жариялау арқылы алкогольге тыйым сала аламыз ба», деп сұрады мәжілісмен Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдерінен.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өңірде «Ішімдіксіз ауыл» жобасы іске асырылып қойғанын айтты.
«Аталған жобаға басқа облыстар да атсалысып жатыр. Бұл бастаманы ақсақалдар қолдады, түрлі форматта пікірталас та болды. Әрине, Түркістан туристер үшін тартымды қала. Осыған байланысты көптеген пікірлер туындайды. Бұл мәселе өзекті және ол заңнамалық нормалар аясында қарастырылады», деп жауап берді әкімнің орынбасары.