Президент • Бүгін, 11:50

Мемлекет басшысы Гвинея-Бисау Президентін Ақордада қарсы алды

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбалоны салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Гвинея-Бисау Президентін Ақордада қарсы алды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

сс

аа