Оқиға • 19 Желтоқсан, 2024

Астанадағы сауықтыру мекемесінен өрт шықты

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаладағы Сарайшық көшесінің бойында орналасқан сауықтыру кешенінен өрт шықты, деп жазады Egemen.kz.

Астанадағы сауықтыру мекемесінен өрт шықты

Фото: ТЖМ

Мамандар мекеменің бумен емдеуге арналған бөлмесінен өрт шыққанын анықтаған. Ғимараттың үшінші қабатында орналасқан бөлменің төбесінен өрт тұтанған.

Құтқарушылар келушілерді эвакуациялаған. Қызыл жалын 30 шаршы метр алаңды шарпыған. 

ТЖМ зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.