Өнер • 20 Желтоқсан, 2024

Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен

46 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қостанайда ХХ ғасырдың басындағы діни-ағартушылық бағыттағы әдебиеттің көрнекті өкілі, ақын, сазгер Нұржан Наушабайұлы атындағы жыр-терме, дәстүрлі ән фестивалі өтті. «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» деп аталатын дәстүрлі өнер мерекесі биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр.

Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен

Жыр фестивалін осы іс-шара үшін Тобыл өңіріне арнайы келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жыршы, фольклор зерттеуші Алмасбек Алма­тов жүргізді. Әйгілі жыршы аталған жо­баға бес жылдан бері қолдау көрсе­тіп, жанашырлық танытып келеді. Іс-шара барысында облыстың мәдениет саласының басшылары Алмасбек аға­мызға құрмет көрсетіп, иығына шапан жапты.

апр

«Ұлы Торғай даласын дәстүрлі өнеріміздің қалыптасуына бірден-бір еңбек сіңірген аймақ деп білеміз. Айрықша шоқтығы биік тұлға Нұржан Наушабаев шығармашылығына арналған бүгінгі байқаудың орны ерекше. Еліміздің әр түкпірінен келген талантты орындаушылар осы байқау арқылы қанаттанып, елге танылып жатыр. Мысалы, үшінші байқауда Қостанай облысының азаматы бас жүлде алды. Байқау өтіп келе жатқан бес жыл ішінде Нұржан әндерін насихаттауда, оның бұрын белгісіз болып келген шығармаларын жарыққа шығаруда бірталай шаруа атқарылды. Ғалымдар Нұржан шығармашылығына ден қойып, зерттеу жұмыстарын жүр­гізді. Ақылбек Шаяхмет бас­тап, оның ар жағында ақын мұра­ла­рын зерттеген бірнеше жас ғалым ғылым кандидаты дәрежесін қорғады. Олай болса, қазақ музыка тарихында Нұр­жанның өз орны бар деп айта аламыз. Бүгінгі іс-шараға Айгүл Қо­санова, Бағлан Бәбіжан сынды ел сүйіспеншілігіне бөленген өнерпаздар келіп отыр. Бұл кісілер консерватория­да академиялық деңгейде Нұржан шығармашылығының танылуына көп еңбек сіңіріп жүр. Фестивальды келер жылы конференция түрінде өткізуді көздеп отырмыз. Ондағы мақсатымыз – Тобыл-Торғай өңірінің фольклорын ғылыми тұрғыда қарастырғымыз ке­леді», деді Алмасбек Алматов.

ап

Фестиваль аясында үш өнерпаз да көпшіліктің өтінішімен саханаға шығып өнер көрсетіп, елдің құрмет-қошеметіне бөленді. Қазақ ұлттық консерваториясы ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының жетек­шісі Бағлан Бәбіжан Ахмет Бай­тұрсынұлының «Кәмшат бөрік» әнін әуелете шырқады.

ыва

«Ақаңның Затаевичке 25 ән бергені белгілі. Затаевич қазақ тілін білмеген соң, сөзін жазбаған. Тек «Қарагөз» және «Кәмшат бөріктің» сөзі бар. «Кәм­шат бөрік» – Тобыл-Торғай­дың әні. Сондықтан Ақаң бұл әннің сақталып қалуына қалайда ықпалын тигізді. Бірақ мәтінінде қазақтың көне сөздері, діни сөздер болғандықтан, 70–80 жыл бойы айтылмай келді. Мен консерваторияда оқып жүргенімде ұс­тазым Бекболат Тілеухан: «Осы әнді орындап көрші», деді. 1999 жылы мем­ле­кеттік емтиханда айтып шық­тым. Со­дан бері репертуарымда», дейді әнші.

Фестивальға қатысушылардың бәріне алғысхаттар мен естелік сый­лық­тар табыс етілді. Байқаудан кейін дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова жергі­лікті өнерпаздарға әншілік мектептер, орындаушылық шеберлік туралы дәріс оқыды.

 

Қостанай облысы