Әлеуметтік желіде жан түршігерлік апаттың видеосы пайда болды.
«Алматы-Екатеринбург тас жолының 1044 шақырымында Shaanxi және Toyota Camry көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға салдарынан Toyota Camry көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мен 25 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», деді полиция.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерден жолда аса сақ болып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.