Фото: Видеоскрин
- Ақтау қаласында болған ұшақ апатынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Маңғыстау жастары өмірден өткен азаматтардың туыстарына қайғыра көңіл айтады. Бүгін облыс тұрғындары қан тапсыру орталығына барып, ұзын-сонар кезекке тұрып, қан тапсырып жатыр. Бұл жұмыс ертең де жалғасады. Дәл қазір Маңғыстау жұртшылығы Әзербайжан консулдығына келіп, бауырлас халықпен бірге екендігін көрсетті. Марқұмдардың жаны жәннатта болсын, - деді Мұқаш Оралбай.
Өңір жастары көрші Әзербайжан мемлекетімен бірге екендігін, қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендігін жеткізді. Қандай да бір көмек қажет болса еріктілер мен жастар ұйымдары тез арада жұмылдырылатын болады.
Маңғыстау облысы