Оқиға • Кеше

ШҚО-да әкімдік балалар үйінің түлегін баспанадан айырған

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шемонаиха ауданының прокуратурасы әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу барысында балалар үйінің түлегі А.В.О. құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да әкімдік балалар үйінің түлегін баспанадан айырған

Фото: Ашық дереккөз

Анықталғандай, ол балалар үйінде болған кезеңде Шемонаиха қаласында орналасқан тұрғын үй мен жер учаскесі аудан әкімдігі тарапынан заңсыз үшінші тұлғаларға берілген.

«Аудандық прокуратура қызметкерлері тәрбиеленушіге сотқа талап арызын дайындау мен оны беру барысында құқықтық көмек көрсетті. 2024 жылдың мамыр айында Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен А.В.О. талап-арызы қанағаттандырылып, дауласқан нысанға қатысты құқық белгілейтін құжаттар жарамсыз деп танылды», делінген хабарламада.

Қабылданған шаралар әділдікті қалпына келтіруге және балалар үйінің тәрбиеленушісінің құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.