Үкімет • Кеше

Үкімет басшысы Астанадағы Әзербайжан елшілігіне барды

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Әзербайжанның Астанадағы елшілігіне барды, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет басшысы Астанадағы Әзербайжан елшілігіне барды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет басшысы Ақтау қаласының әуежайы маңында Az Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының апатына байланысты ашылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды. 

«Бұл қиын сәтте Қазақстан Үкіметінің және өз атымнан қаза тапқандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, апат салдарынан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін, Әзербайжан халқына сабыр мен төзімділік тілеймін. Біз бауырлас Әзербайжанға тиісті көмек қолын созып, жан-жақты қолдау көрсетеміз», деп жазды Олжас Бектенов.

Бұған дейін Премьер-министр қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туған-туыстарына көңіл айтып, зардап шеккен Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтарына жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырған еді. 

Айта кетейік, бүгін Әзербайжанда аза тұту күні жарияланды.