Елорда • Кеше

Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел қолға түсті

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада халықаралық іздеуде жүрген әйел қолға түсті

Елордада халықаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының азаматы қолға түсті. 35 жастағы әйел адам Ресейде полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, кейін елден қашып кеткен.

Осы оқиғаға байланысты қараша айында оған халықаралық іздеу жарияланған. Күдікті Қазақстанға жұмыс іздеп келген. Полицейлер оны тұрғын үйлерді тексеру кезінде анықтап, ұстады.

Қазіргі уақытта күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол экстрадициялау туралы шешім шыққанға дейін сол жерде болады. Жақын күндері әйел Ресей Федерациясының қылмыстық іздеу органдарына тапсырылады.

Бұл оқиға Қазақстан полицейлерінің қырағылығы мен кәсібилігін тағы бір рет дәлелдеді.