Қоғам • 30 Желтоқсан, 2024

Кісі өлтірген Қазақстан азаматы Ресейде жасырынып жүрген

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жәбірленушінің өліміне әкеп соққан ауыр дене жарақатын келтіргені үшін Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кісі өлтірген Қазақстан азаматы Ресейде жасырынып жүрген

фото: видеодан алынған кадр

Күдікті 2021 жылдың наурыз айында жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасаған.

«Күдікті Қостанай қаласындағы жәбірленушінің пәтерінде алкоголь ішіп, арада жанжал туындаған. Ер адам жәбірленушінің басы мен денесіне көптеген соққы жасаған. Салдарынан жәбірленуші көз жұмған. Жауаптылықтан құтылғысы келген күдікті қашып үлгерген, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған», делінген хабарламада. 

Күдікті іздеуде жүргенде Ресей аумағында қарақшылық шабуыл жасап, Ресей сотымен сотталған.

Көрші мемлекетте жазасын өтегеннен кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланып, қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.

Жәбірленушінің өліміне себеп болған ауыр дене жарақатын келтіргені үшін оған 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.