Фото: gov.kz
1989 жылы 1 шілдесінде дүниеге келген ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқып, экономика және бизнес бакалавры академиялық дәрежесімен, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі академиялық дәрежесімен, Қазақ қатынас жолдары университетін «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша оқып, қызмет көрсету саласының бакалавры академиялық дәрежесімен тәмамдады.
Еңбек жолын Астана қаласы бойынша Салық департаменті арнаулы салық режимдері басқармасының арнаулы салық режимдері бөлімінің бас маманы болып бастаған.
2010-2012 жылдары - «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасының мониторинг және техникалық бақылау бөлімінің бас маманы.
2012-2013 жылдары - аталған басқарманың құқықтық режимді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы.
2013-2015 жылдары - сол басқарманың құқықтық режимді әкімшілендіру бөлімінің басшысы.
2015-2017 жылдары - Қорғаныс министрлігі «Қазтехнология» АҚ заң департаментінің бас менеджері.
2018 жылдың қаңтарынан мамырына дейін - Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты Инвестициялар комитеті инвестициялық іс-шаралар басқармасының бас сарапшысы.
2018-2019 жылдары - Премьер-министр Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы.
2019-2021 жылдары - аталған бөлімнің индустриялық саясат секторының бас консультанты.
2019-2022 жылдары - сол бөлімнің бас инспекторы.
2022-2024 жылдары - Абай облысы Семей қаласы әкімінің орынбасары.
Тағайындалғанға дейін Жаңасемей ауданының әкімі болған.