Фото: Polisia.kz
Оқиға 2024 жылдың бас кезінде болған. 2 күдікті үйде ешкім жоғын біліп, кілт таңдау арқылы пәтерге кірген. Жаңа жылдық демалыстан оралған астаналық тұрғын сейфінің ашылғанын байқаған.
Сейфтен сағаттар ұрланған. Нақты айтқанда Breguet Tourbillon (110 мың АҚШ доллары), Franck Muller және Daniel Roth (әрқайсысы 55 мың доллар), сонымен қатар мың долларлық Rado сағаттары ұрланған. Одан бөлек, сейфтен 650 мың теңге және 2 200 доллар жоғалған.
Полицейлердің жедел жұмысы нәтижесінде күдіктілер ұсталып, кінәлары толық дәлелденіп, түрлі жылдарға бас бостандығынан айырылған.
Жаңа жыл қарсаңында елордалық полиция азаматтарға мүлікті қорғау бойынша қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.