Президент • 30 Желтоқсан, 2024

«Ана тілі» газетінде Президенттің кең көлемді сұхбаты жарияланады

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ана тілі» газетінде Президенттің кең көлемді сұхбаты жарияланады

Фото: Ақорда

2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді.

Берік Уәлидің хабарлауынша, Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды.