Заң мен Тәртіп • 31 Желтоқсан, 2024

Полиция күшейтілген қызмет режиміне көшті

36 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері күшейтілген қызмет режиміне көшті, деп жазады Egemen.kz

Полиция күшейтілген қызмет режиміне көшті

Фото: ІІМ

Ішкі істер министрі қызметкерлерге қоғамдық тәртіпті қорғау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.

«Полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Осы мереке күндері біздің азаматтар отбасымен және жақындарымен демалады. Сондықтан сіздер қоғамдық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз етіп, «заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруға тиіссіздер», деді министр Ержан Сәденов.