Президент өзінің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспары барын, оның бәрін жүзеге асыруға ниетті екенін айтты.
«Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдерістердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын», деді Мемлекет басшысы.