Оқиға • 05 Қаңтар, 2025

Семейде көлік өзенге құлап кеткен: бір мәйіт табылды

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ТЖМ құтқарушылары Семейде іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семейде көлік өзенге құлап кеткен: бір мәйіт табылды

Фото: ҚР ТЖМ

«Сағат 09:00-де іздеу тобы қайтыс болған адамның денесін тауып, судан алып шықты. Ол одан әрі тергеу әрекеттерін жүргізу үшін полиция органдарына берілді. Қазіргі уақытта құтқару операциясына: 55 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты, су асты іздеуге арналған эхолот, 10 техника жұмылдырылған», делінген хабарламада.

Айта кетейік, операцияны күшейту үшін қосымша Қасым Қайсенов атындағы 68303 әскери бөлімнің қызметшілері тартылған. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысынан да құтқару бөлімшелері қосылады деп күтіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат 06:00-де Ертіс өзенінің жанындағы Бейбітшілік аралында жеңіл автокөлік бетон қоршауға соғылып, өзенге құлап кеткен. Апат кезінде көлікте 4 адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігінен шығып, жағаға жүзіп шыққан.

Соңғы жаңалықтар

Қоныстой берекесі

Қоғам • Бүгін, 11:23

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 11:07

Қала мен дала қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 11:00