Пікір • Кеше

Әділ қоғам құру – басты ұстаным

47 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Ana tili» газетіне берген сұхбатында «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» атты тұжырымдама Қазақстанның саяси жүйесіне ең қолайлы екенін, бірақ оның толыққанды жүзеге асырылуы үшін әлі талай жұмыс атқарылуы қажет екенін атап өтті.

Әділ қоғам құру – басты ұстаным

Негізі сұхбатта күрделі және өткір мәселелер көтерілді. Оларға Президент тарапынан барынша ашық жауап беріліп, сырт айналып кеткен немесе бұлтарып қалған тақырып болмады. Сонымен қатар кейінгі кезде ел аузында жүрген, кейде жағдайды ушықтыруға тырысатын қауесеттерге де тоқта­лып, күдікті жәйттерді сейілте білді.

Өткен жылға баға беріп қана қоймай, мемлекеттік сая­сат­тың көптеген аспектісіне, соның ішінде цифрландыру, кәсіпкерлікті дамыту, сыбайлас жемқорлық пен ұйымдас­қан қыл­мысқа қарсы күрес, сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы кү­­рес мәселелеріне терең мән бер­­ді. Тіл саясаты және жас­тар, сон­дай-ақ еліміздің жаһан­дық державалармен және халық­аралық ұйымдармен байланыс­тары туралы ашық айтылды.

Ұсынылып отырған рефор­малар саяси тоқырауды бол­дыр­­май, елдің тұрақты әлеу­мет­­тік-экономикалық дамуын қам­тамасыз ететіні анық. Бұл Президенттің елімізде болып жатқан оқиғалар мен фак­тілерден және атқары­лып жатқан шаралардан хабар­дарлығын, халықпен бірге еке­нін, бәріне зер салып, бақылап отыратынын, ең бастысы халық­пен ашық диалогте екенін тағы да дәлелдеді.

Жалпы, біз қоғам жай сөз­ден, өсек-аяңнан, құр сөзден аулақ болуымыз керек. Іс­тің, тірліктің адамы болу­дың уа­қыты келді  деп есептейміз. Мемлекетшіл болу, патриот болу деген ұран­дату емес, бұл – әркім өз ісін адал атқару, мемлекетке, қоғам­ға адал қызмет ету.

Әділетті, әділ мемлекет құ­руды басты ұстанымға айналдыру қажет. Бұл үшін ең алдымен заңдылық жұмыс істеуге тиіс. Осы туралы Президент әуел бастан айтып келеді.

Қазір депутаттар өңір­лерде халықпен кездесулер өткізіп жатыр. Кездесулерде Президенттің саясатын, қабыл­данып жат­қан заңдарды түсін­діру жұмыс­та­ры жүргізіледі. Осы кез­де­сулер барысында Прези­дент­тің «Ana tili» басылы­мы­на берген сұхбаты да қызу тал­қы­ланды. Бұл кездесулерде жер­­гілікті тұрғындар Мелекет бас­­шысының саясатын, рефор­ма­ларын, бастамаларын қол­дай­­тынын жеткізіп жатыр. Әсі­ре­се жергілікті атқарушы орган­дардың реформаларына көңілі толатынын, олардың бағы­тын дұрыс деп есептейтінін байқауға болады. Өңірді біле­тін азаматтардың қызметке та­ғайындалуы, мемлекеттік орган­дарды басқартуға дейін көтерілуі оң бастама ретінде қабылданды.

Мемлекет басшысы сұх­ба­тында Парламент депутат­тарының атқарып жатқан жұ­мысы мен қосып жатқан үлесін оң баға­лайтынын айтты. Бұл жалпы Парламенттің Президент жүргізіп отырған реформалары мен бастамаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудегі берілген бағасы екені анық. Бүгінгі Пар­ламент идеялар, озық ойлар, түрлі пікірлер мен көзқарастар тал­қы­лайтын, ортақ шешім қабыл­­дайтын алаңға айналып отыр.

Бүгінде Қазақ­станның дамуында маңызды қадамдар жаса­лып, елдің ішкі және сырт­қы саяси бағыты дұрыс жол­да екенін көруге болады. Инфра­құрылымның дамуы мен әлеуметтік-эконо­мика­лық бас­тамалар және саяси жаңғы­ру халықтың өмір сапасын жақ­сартуға бағытталған.

 

Әли БЕКТАЕВ,

Сенат депутаты