Қоғам • 08 Қаңтар, 2025

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар іске қосылады

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар іске қосылады

Фото: ашық дереккөз

«Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және «Отбасы банкімен» бірлесе отырып, жұмысшыларға ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үй бойынша жеңілдікті бағдарламаларды іске қосуды тапсырамын», деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Қазақстанға мыңдаған білікті жұмысшы қажет екенін айтты.

«Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан болашақ дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін әкімдіктер мамандықтардың өңірлік атластарын қалыптастыруы қажет. Әзірге осындай құжаттар тек 9 өңірде ғана бар. Жастардың жұмыс кәсіптерін саналы түрде таңдауы үшін кәсіптік бағдар беру жұмысында жаңа тәсілдерді іске асыру қажет», деді Премьер-министр.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35