01 Мамыр, 2015

Алматыда әлемдегі ең ұзын лағман әзірленді (фото)

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Л-2АЛМАТЫ. 1 мамыр. Алматыда қала әкімдігі мен «Қоғамдық келісім» КММ Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен 30 аспаз әлемдегі ең ұзын лағманды дайындады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай алматылықтар мемлекеттік Құдыс Қожамьяров атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының саябағына жиналды. Онда 30 аспаз әлемдегі ең ұзын лағман тағамын дайындауда. Алдын ала болжам бойынша аспаздар 500 килограмм болатын және 1 500 адамға жететін ұйғырлардың ұлттық тағамын әзірлеуі тиіс. Сондай-ақ, мерекелі шара аясында тұрғындарға лағман жасаудан шеберлік сабағы, мәдени ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, оған ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері атсалысуда. Айта кетейік, мерекеге Солтүстік полюске барып келген бірінші қазақстандық шаңғы экспедициясының мүшелері мен Қазақ географиялық қоғамының кезекті рекордын бекітулері үшін Гиннес рекордтар кітабының төрешілері шақырылды. Айнаш ЕСАЛИ Дерек, сурет: egemen.kz. Л-3 Л-1