Фото: atr.kz
Ақмола облысы бойынша 9 қаңтар сағат 10:30-да Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 130-200 шақырым аралығында (Торғай ауылынан Павлодар облысының шекарасына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылып отыр. Бұл жол учаскесін 9 қаңтар сағат 13:00-де жолды ашу жоспарланған.
Павлодар облысы бойынша 9 қаңтар сағат 10:30-да Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 130-200 шақырым аралығында (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бүгін сағат 10:30-дан бастап осы өңірдегі Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы автожолының 1206-1367 шақырым аралығында (Шідерті ауылынан Атамекен ауылына дейін) автокөліктердің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылғаны мәлім болды. Аталған жол учаскесін 9 қаңтар сағат 13:00-де ашу жоспарланған.