Әлем • Кеше

19 адам көз жұмған: Чад астанасында президент сарайына шабуыл жасалды

18 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті биліктің мәліметінше, атыс кезінде қаза тапқандардың арасында 18 шабуылшы мен қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері бар, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап.

19 адам көз жұмған: Чад астанасында президент сарайына шабуыл жасалды

Фото: Anadolu Ajansı

Алдын ала болжам бойынша, шабуылды «Боко Харам» жиһадтық тобының содырлары жасаған, олар бұған дейін үкімет нысандарына да шабуылдаған. Биліктің хабарлауынша, шабуылға барлығы 24 адам қатысқан.

«Шабуыл жасаушылардың 18-і қаза тауып, алтауы жараланды. Бізде бір адам қаза тауып, үшеуі жараланды», делінген хабарламада.

Агенттік тілшілерінің хабарлауынша, Президент резиденциясына апаратын жолдар жабылып, көшелерде танктер пайда болған.

Айта кетейік, шабуыл кезінде сарайда Чад президенті Махамат Деби болған.