Ғылым • Бүгін, 10:57

Ұлттық ғылым академиясы Жоғары ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбір мәселелері туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына сәйкес Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Жоғары ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҒА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық ғылым академиясы Жоғары ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды

«ҚР Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ҚР Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» жоғары ғылыми ұйымына қайта құрылсын» делінген құжатта.

Президент жанындағы Ұлттық ғылым академияның негізгі қызмет түрлері:

әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;

Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізу;

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның қарауына ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізу;

Ғылымды дамыту бойынша форсайттық (болжамды) зерттеулер дайындауды және жүргізуді жүзеге асыру;

Ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізу;

Ғылым мен техниканың түрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу;

ғылыми журналдарды шығару;

Халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысу;

Ғылымды насихаттауға қатысу.

Қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

 

АЛМАТЫ