01 Мамыр, 2015

Алматы мен Минск арасына қатынайтын әуе рейсі ашылды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01.05.2015-aviareisАСТАНА.1 мамыр. Беларусьтің Belavia әуе компаниясы Алматы мен Минск арасына қатынайтын тұрақты әуе рейсін іске қосты. Енді екі қала ортасында «Боинг» ұшағы жолаушылар тасымалдайтын болады. Бұл туралы bonus-travel.by хабарлады. Аталған жаңа рейстің бір артықшылығы, жолда жанармай құю үшін өзге аэропорттарға тоқтамайды. Belavia әуе компаниясы басшысының орынбасары Игорь Чергинец: «Бұл бағыттағы әуе тасымалы көптен бері халықтың сұранысына ие еді. Жалпы, біз Алматы-Минск бағытындағы әуе кемесі жолаушыларға сапалы қызмет көрсететініне сенімдіміз. Әзірге әуе қатынасы аптаның екі күнінде ғана жолаушылар тасымалдайтын болады»,–дейді. Ал Қазақстанның Беларусьтегі төтенше және өкілетті елшісі Ерғали Бөлегенов: «Әуе қатынасы екі ел үшін өте маңызды рөл атқарады. Қазақстан мен Беларусьтің арасындағы тауар айналымы 1 млрд. доллар. Бұл – әрине аз. Сондықтан да, біз осы әуе қатынасы арқылы тауар айналымын ұлғайтуды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта Алматыға аталған елдің туристерін көптеп тартуды қолға аламыз», – деді. Айта кетейік, осы жылдың жазынан бастап Belavia әуе компаниясы Қазақстанның – Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Алматы қалаларына тұрақты түрде қатынайтын әуе рейстерін іске қосатын болады. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: bonus-travel.by.  
Соңғы жаңалықтар