Білім • Бүгін, 15:52

Балағаттаған: Атырауда мұғалім өзіне қол жұмсамақ болған

29 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы №37 зорта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте өзінің тарапына айтылған балағат сөзден кейін суицид жасамақ болған. Оқу-ағарту министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балағаттаған: Атырауда мұғалім өзіне қол жұмсамақ болған

Әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат бойынша, педагогикалық кеңес барысында ұстазға балағат сөз айтылып, алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жағдай комитеттің бақылауына алынған.

«Жағдайды анықтау үшін қалалық басқарманың, Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының және Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету аумақтық департаментінің өкілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылды», делінген хабарламада.

Бүгінде мән-жайды жан-жақты зерттеу үшін тергеу амалдары басталып кеткен.

«Министрліктің аумақтық департаменті педагогикалық әдеп мәселелері бойынша жоспардан тыс өңірлік кеңес өткізеді, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады», деп атап өтті ведомство өкілдері.

Комитеттің баспасөз қызметі ұстаздың жағдайы тұрақты екенін хабарлады.

«Ұстаздың жағдайы жақсы, қажетті психологиялық көмек көрсетіледі», делінген хабарламада.