01 Мамыр, 2015

Қостанайда түрлі ұлттар ыдыстарының көрмесі өтті

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01.05.2015 Qostanay-11ҚОСТАНАЙ. 1 мамыр. Қостанайда мерекеге жиналғандар  ыдыстар көрмесін тамашалады. Бұл туралы  egemen.kz тілшісі хабарлады. Орталық алаңда тігілген шатырлар ішіне қазақтар мен  Қостанай өңірінде этностар  пайдаланған ыдыстар қойылды. Оның көпшілігі  облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан алынған. Самауырлар, қасықтар,  астаулар, ағаш табақтар, құмандар, қазандар  халқымыздың өткен уақытынан хабар бергендей. 01.05.2015 Qostanay-12Облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының оырнбасары Галина Саталкина: «Біз Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне музейден не көрсетеміз дегенде осы  ыдыстарға тоқтадық. Өйткені дастархан – киелі ұғым, тамақ ішетін ыдыс та киелі. Дастархан, ыдыс адамдарды жақындатады. Біз ХІХ ғасырдан бері қарай уақыттағы ыдымдарды қостанайлықтар мен қала қонақтарына  көрсетіп отырмыз. Танымдық жағы өте мол. Меркеге келгендер әр ыдысты қызықтап көруде. Оның үстіне әр халықтың  ыдыстарында  ерекшелік,  өзіне тәні сүйкімділік пен сұлулық бар», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz