Фото: pixabay.com
Полицейлер Қостанай облысының 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жас жігіттен ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 37 «зип-пакет» тәркіленді.
Сондай-ақ күдікті есірткі жасырған жерлерді көрсетіп, нәтижесінде ішінде ақ түсті ұнтақ заты бар 5 «зип-пакет» тәркіленді.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр.