Айта кетейік, Алматы облысы Іле ауданының «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 граммға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар пошта жөнелтілімі түскен.
Жедел іс-шаралар барысында күдікті «Telegram» мессенджері арқылы Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені анықталды.
Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 ыдыстың ішінде есірткі заттары анықталған.
«Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды. Жалпы, биылдан бастап ҚМА контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеді. Сонымен қатар 77,1 кг есірткі құралдары, 3,2 кг психотроптық заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 «Тропикамид» көз тамшылары тәркіленді», делінген ҚМА хабарламасында.