Аймақтар • Бүгін, 18:13

Қызылорда қаласында 600 орындық «Жайлы мектеп» ашылды

18 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған білім ошағының ашылуында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылықты құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Қызылорда қаласында 600 орындық  «Жайлы мектеп» ашылды

«Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 орынға арналған 10 мектеп салу жоспарланып, оның алғашқы 900 оқушыға арналған мектебін өткен жылдың қазан айында сол жағалаудан табыстадық. Осы айдың басында Жаңақорған ауданының Жаңарық ауылында және Арал қаласында 300 орындық 2 жайлы мектеп ашылды. Бұл арқылы Жаңарық ауылындағы бейімделген ғимаратта орналасқан, Арал қаласындағы үш ауысымды оқытуға көшуі мүмкін мектептердегі орын тапшылығы мәселесі шешімін тапты.

Бүгін міне, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының үйлестіруімен жүзеге асқан, құны 4 млрд 732 млн теңге болатын 600 орындық «Жайлы мектепті» шәкірттер мен ұстаздар игілігіне береміз»,  деді аймақ басшысы.

Салтанатты іс- шарада білім саласының ардагері, Білім беру ісінің үздігі Алтынсары Шүренов жиылған жұртшылықты құттықтап, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қорғанбек Қайроллаұлы батасын берді. Сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтар мен құрылыс мекемесінің мамандары марапатталды.