Қоғам • 17 Қаңтар, 2025

Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі 2024» жүлдесін жеңіп алды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші Димаш Құдайберген бұл беделді марапатқа төртінші рет ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі 2024» жүлдесін жеңіп алды

Фото: dimashnews.com

16 қаңтарда Астанада «Халықтың сүйіктісі-2024» ұлттық сыйлығының марапаттары салтанатты түрде табысталды. Елдегі ең танымал премия 14-ші рет әр түрлі саладағы халықтың сүйікті қайраткерлерін таңдады.

Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген «Жылдың Мәдениет қайраткері» номинациясын жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы әнші «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының үш дүркін иегері ретінде арнайы номинациямен марапатталған болатын.

Салтанатты шарада сыйлық Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «DimashAli» шығармашылық орталығының директоры Қанат Айтбаевқа табысталды.

«Халқыма, қымбатты жерлестеріме менің шығармашылығыма ерекше ден қойып, құрметпен қарағаны үшін үлкен ризашылығымды білідіре отырып, алғысымды айтамын. Көп рақмет, достар! Бүгін «Халықтың сүйіктісі» сыйлығын алған барлық үміткерлерді құттықтаймын. Баршаңызға амандық пен береке тілеймін. Біздің бастамаларымызға қолдау танытқан әрбіріңізге мол табыстар тілеймін», деді Димаш Құдайберген.

 

Соңғы жаңалықтар

Керек дерек

Digital • Кеше

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Кеше

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Кеше

Алаш дәрігері

Тұлға • Кеше

Нияз батыр

Зерде • Кеше

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Кеше

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Кеше

Пойыздағы арпалыс

Театр • Кеше

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Кеше