Заң • 17 Қаңтар, 2025

Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған полицейлер сотталды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қарасай аудандық соты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды азаптаған полицейлер сотталды

Фото: zakon.kz

Жәбірленген 44 адамның арасында 2022 жылдың қаңтарында полиция басқармасына жеткізілген шетел азаматтары да болған.

«Сотталушылар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, заңға қайшы әрекеттер жасады, нәтижесінде зардап шеккендер азапталды. Сот үкімімен 6 полиция қызметкері 146-баптың 1-бөлігінде (2023 жылғы 17 наурызға дейін редакцияда) және ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтары, сараптамалардың қорытындылары, сотта расталған және зерттелген басқа да айғақтармен толық дәлелденген.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.