
Италияда өтіп жатқан XXXII қысқы Универсиадада кезекті жүлде қоржынымызға түсті.
Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер бәсекесінде сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлде иеленді.
Әйелдер арасындағы жарыстың нәтижелері:
- Рион Симиоши - 204.29 ұпай
- Моне Чиба - 203.85 ұпай
- Софья Самоделкина - 190.96 ұпай.
Бұл мәнерлеп сырғанаудан қысқы Универсиада тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін 2019 жылы Елизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені алған.
Ал ерлер сайысында Михаил Шайдоров екінші қысқы Универсиадасында да 4-орынға тұрақтап, жүлдеге сәл ғана жетпей қалды.
Ерлер арасындағы жарыстың нәтижелері:
- Юма Кагияма - 289.04 ұпай
- Даниэль Грассль - 280.56 ұпай
- Ча Чун-хван - 264.94 ұпай
- Михаил Шайдоров - 260.15 ұпай