Бокс • 20 Қаңтар, 2025

Қайрат Сәтжанов биыл боксшылар қатысатын маңызды жарыстарды атады

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы биылғы алғашқы оқу-жаттығу жиынын Түркістан облысында өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Қайрат Сәтжанов биыл боксшылар қатысатын маңызды жарыстарды атады

31 қаңтар күні оқу-жаттығу аяқталғаннан кейін құраманың 2-3 нөмірлі боксшылары Испанияға аттанады. Алаканта қаласында өтетін халықаралық жиында қазақ боксшыларынан бөлек Ұлыбритания, Шотландия, Мажарстан, Испанияның былғары қолғап шеберлері жаттығады. Жиыннан соң аталған ел спортшылары халықаралық турнирде кім мықтыны анықтайды. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов айтты.

Ал құраманың 1 - нөмірлі боксшылары 10 ақпан Болгарияның София қаласында өтетін  Странджа турниріне аттанады. 

«Көп елдер осы жарысқа үздік боксшыларын әкеледі. Әлбетте, биылғы басты мақсатымыз – күзде өтетін әлем және Азия чемпионаттары. Бұл жарыстардың барлығы біздің басты мақсатымыз, яғни кешенді жарыстарға дайындығымызды шыңдау үшін керек. Бұл – 2026 жылы өтетін Азия Ойындары, 2027 жылы өз елімізде жалауын желбірететін әлем чемпионаты мен 2028 жылы өтетін Лос-Анджелес Олимпиадасы», деді Қайрат Сәтжанов. 

Бас  бапкердің айтуынша осы аралықта құрама жігіттері де іріктеледі. 

«Қазір қатарға қосылған талантты жастар көп, біздің міндетіміз – ел намысын абыроймен қорғайтын құрамды әділетті іріктеу және боксшыларды жан-жақты ашу», деді Қайрат Сәтжанов.