Қоғам • 21 Қаңтар, 2025

Үш облыста республикалық автожолдар жабылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталған шектеулер – ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үш облыста республикалық автожолдар жабылды

Фото: pixabay

«ҚазАвтоЖол» бүгінгі сағат 10:00-де  республикалық маңызы бар жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылғанын мәлім қылды.

Шектеу енгізілген учаскелер 3 облыстың аумағында, атап айтқанда:

Қостанай облысы: «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау облысының шекарасынан Ақмола облысының шекарасына дейін).

Ақмола облысы: «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-445 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін).

Ұлытау облысы: «Жезқазған-Петропавл» автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Аталған жолдарды 22 қантарда сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28