
Болат Анапияұлы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-Ректор. Мемлекеттік қызметтерде, білім саласында мол тәжірибесі бар білікті ұйымдастырушы.
«Жаңа төраға Алматы қалалық филиалының жұмысын жандандырып, ана тіліміздің дамуына үлес қосады деген сенімдемін», деді Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы.
Қоғам президенті ұзақ жылдардан бері «Қазақ тілі» қоғамы Алматы қалалық филиалын басқарып келген Құсман Шалабаевқа тілімізді өркендету жолындағы атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.