Қоғам • 22 Қаңтар, 2025

Ұлттық комиссия мүшелері ата-аналарға үндеу жасады

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

19 қаңтар күні Астанада жас жігіт үш адамды пышақпен жарақаттап, біреуі оқиға орнында қаза болған еді. Құзырлы органдар қанды оқиғаға күдіктінің онлайн ойындарға шамадан тыс әуестігі себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz

Ұлттық комиссия мүшелері ата-аналарға үндеу жасады

Фото: krassever.ru

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері осы оқиғаға байланысты ата-аналарға үндеу жасады.

«Kazakhstan Kids Online» зерттеуіне сәйкес, Қазақстанда балалардың 15%-дан астамы интернеттегі теріс мазмұнмен күнделікті кездеседі. Бейнеойындарға, әлеуметтік желілерге және онлайн қарым-қатынасқа тәуелділік артып келеді. Бұл көбінесе балалардың қоғамнан оқшаулануына алып келіп, отбасыдағы түсініспеушіліктер мен жанжалдарға себеп болады.

«Құрметті ата-аналар!

Ұлттық комиссия сіздерді балаларыңыздың қызығушылықтары мен мәселелеріне айрықша көңіл бөлуге шақырады. Балаларыңыздың өміріне қатысу, олардың әуестіктеріне шынайы қызығушылық таныту және сенімге негізделген қарым-қатынас, диалог құру – олардың үйлесімді дамуының негізі және мүмкін болатын қауіптердің алдын алудың тиімді жолы.

Сонымен қатар, біз ата-аналарға балалардың интернеттегі контенті мен өткізетін уақытына назар аудару үшін қолжетімді «ата-ана бақылауы» құралдарын пайдалануға кеңес береміз. Бұл балаларды гаджеттерге шамадан тыс әуестенуден, деструктивті ойындардан қорғауға және киберқауіп-қатерлерді азайтуға көмектеседі. Киберқауіпсіздікке мұқият мән беру отбасылық саламатты өмірдің маңызды бөлігіне айналуға тиіс», делінген үндеуде.

Ұлттық комиссия мүшелері ата-аналарды балаға үлгі болып, оларды қажетті деңгейде қадағалауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше