
Фото: yenisafak.com
Облыстық прокуратураның мәліметінше, ДНК сараптамасынан кейін тағы бірнеше марқұмның жеке басы анықталған.
Бастапқыда 76 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланған деп хабарланған еді. Алайда құрбандардың жеке басын анықтау жұмыстары аяқталғаннан кейін жергілікті билік жаңартылған деректерді ұсынды.
Қайғылы оқиғаның себептерін тергеу аясында 11 адам ұсталған, оның ішінде Болу мэрінің орынбасары, өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары және қонақ үй иесі бар.
Түркияның Туризм және мәдениет министрі Мехмет Нури Эрсой бұған дейін қонақүйдің тұрақты тексерістен өткенін және өрт қауіпсіздігін бұзу фактілері анықталмағанын айтқан. Дегенмен, тергеу әлі де жалғасып жатыр.