
Фото: Anna Moneymaker / Getty Images
«Мен Шон Карранды Америка Құрама Штаттарының Құпия қызметінің келесі басшысы етіп тағайындағанымды мақтан тұтамын», деп жазды Трамп Truth Social желісінде.
Президенттің айтуынша, Карранның құқық қорғау саласында 23 жылдық тәжірибесі бар, ол АҚШ құпия қызметіне 2001 жылы келген.
«Ол Батлердегі (Пенсильвания штаты) мені құтқару үшін өз өмірін қатерге тігіп, өзінің батылдығын көрсетті. Мен Шонның Америка Құрама Штаттарының Құпия қызметін бұрынғыдан да күшті ететініне толық сенімдімін», деді АҚШ президенті.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 14 шілде күні Дональд Трампқа Пенсильванияда сөз сөйлеуі кезінде қастандық жасалды. Салдарынан Трамптың құлағына оқ тиген еді. Сондай-ақ, митингке қатысушы бір адам көз жұмды. Трампқа оқ атқан 20 жастағы америкалық Томас Мэттью Крукс Құпия қызметінің агенттері қолынан қаза тапты.