Қылмыс • 25 Қаңтар, 2025

Қазақстанның 24 азаматы ресейлік интернет алаяқтарға жалданған

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құқық қорғау органдары мен байланыс операторлары арасында жасалған меморандум шеңберінде Бас прокуратура және Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД қызметкерлері интернет-алаяқтықтың Call-орталығының жұмыс істеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның 24 азаматы ресейлік интернет алаяқтарға жалданған

- Жедел іс-шаралар барысында ірі бизнес-орталық кеңселерінің бірінде Ресей азаматы Call-орталық жұмысын ұйымдастырған және Қазақстанның 24 азаматын жұмысқа орналастырған. Олар әлеуетті клиенттерге қоңырау шалып, криптовалютаға инвестиция салу ұсынысымен айналысқан, қолма-қол ақшаны крипто шоттарына аударғаннан кейін жәбірленушілердің қоңырауларына тосқауыл қойған, - делінген хабарламада.

Әртүрлі GSM-шлюздер мен «Sim-Box» пайдалана отырып, интернет арқылы анонимді қоңырау шалуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған компьютерлер мен басқа да жабдықтардың 60 бірлігі тәркіленді.

Сондай-ақ дайын сценарийлері бар дәптерлер табылды, онда мінез-құлық алгоритмі және клиенттермен қалай жұмыс жасау керек екені көрсетілген (не айту керек, өзін қалай ұстау керек, аға менеджерлерге ауысу және т.б.).

- Аталған факт бойынша алаяқтықпен сотқа дейінгі тергеу басталды, жәбірленушілер мен келтірілген залал анықталды. Прокуратура органдары азаматтарды мұқият болуға, күмәнді инвестициялық салымдар туралы көндіруге берілмеуге, өздерінің банктік карталарының деректері мен кіру кодтарын бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Мұндай Call-орталықтың жұмыс істеуі туралы ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарлау қажет, - делінген прокуратура хабарламасында.