Алматылық азаматты тінту барысында қара изолентаға оралған ұнтақ заты бар 18 байлам табылып, тәркіленген. Ұсталған адам «синтетиканы» интернет арқылы алғанын мойындады.
- Жедел уәкілдердің айтуынша, ол бұл шөпті сатуды жоспарлаған. Күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Бұрын хабарланғандай, 2024 жылы қалада заңсыз айналымнан 1 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 117 келіден астам «синтетика» тәркіленді, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты барлығы 760 құқық бұзушылық анықталып, 275 шөпті сату дерегінің жолы кесілген. 23 зертхана жойылып, екі есірткі қоймасы анықталды, 105 есірткі қойып кетуші ұсталды.